циклоалканы

Химия
Сұрақтар жауаптарыменшығарылуымен

1. RН3 типіндегі ұшқыш сутекті қосылыс түзетін химиялық элементтер
A) C, Si
B) S, Se
C) N, P
D) Cl, I
E) Br, F
Шешуі:
Азот пен фосфор периодтық жүйенің V-ші негізгі топшасында орналасқан
ж@не теріс тотығу д@режелері -3. Дұрыс жауабы С
2. Өндірісте аммиактың шығымдылығын арттырудың қолайлы жағдайы
A) температураны көтеру
B) үдерісті төменгі қысымда жүргізу
C) өршіткі қолдану
D) азот-сутек қоспасының айналымын қолдану
E) сепараторды қолдану
Шешуі:
А ж@не В жауаптарындағы жағдайлар қолданса, реакция қайтымды
болғандықтан аммиактың ыдырауы, яғни кері реакцияның жылдамдығы
артады, С жауабындағыдай өршіткі қолдану тепе-теңдікке @сер етпейді.
Сепаратор азот, сутек ж@не аммиак қоспасын бөлуге арналған қондырғы,
оның реакция жылдамдығына қатысы жоқ. Сондықтан аммиак синтезі аз
шығымды, @рі қайтымды үрдіс болғандықтан, шығымдылықты арттырудың
қолайлы жағдайы азот-сутек қоспасының айналымын қолдану, себебі
өндірісте қолданылатын ең тиімді жағдайлардың өзінде аммиак шығымы 20-
25 пайыздан аспайды, сондықтан тек қайта-қайта айналым үрдісі арқылы
ғана жоғары шығымдылыққа қол жеткізіледі. Дұрыс жауабы D
3. Суда ерімейтін оксид
A) CO
B) SO3
C) NO2
D) SiO2
E) P2O5
Шешуі:
Кремний оксиді немесе құм суда ерімейді. Дұрыс жауабы D
4. Галоген атомдарының сыртқы қабатындағы электрондық
конфигурациясының формуласы
A) ns
2
np3
B) ns
2
np5
C) ns
2
np
4
D) ns
2
np
1
E) ns
1
np0
Шешуі:
Галогендер VIIA топшада орналасқан, сыртқы қабатында жеті электрон
болады. Дұрыс жауабы В
5. Аммиак молекуласындағы химиялық байланыстың түрі мен кристалдық
тор типі
A) ковалентті полюссіз байланыс, молекулалық
B) ковалентті полюсті байланыс, иондық
C) иондық байланыс, молекулалық
D) ковалентті полюсті байланыс, молекулалық
E) иондық байланыс, атомдық
Шешуі:
Аммиак молекуласы NH3, электртерістіктері @ртүрлі бейметалл атомдарынан
тұратындықтан, химиялық байланыс түрі ковалентті полюсті байланыс
ж@не аммиак қалыпты жағдайда газ болғандықтан кристалл тор типі
молекулалық болады. Дұрыс жауабы В
6. Кремнийдің салыстырмалы атомдық массасы
A) 44
B) 14
C) 56
D) 28
E) 30
Шешуі:
Периодтық кестеден қараңыз, Аr(Si) =28. Дұрыс жауабы D
7. Қайтымды реакцияға с@йкес келетін теңдеу
A) KOH + HCl = KCl + H2O
B) N2 + 3H2 = 2NH3
C) FeCl3 + 3NaOH = Fe(OH)3 + 3NaCl
D) Na2O + 2HCl = 2NaCl + H2O
E) Na2CO3 + 2HCl = 2NaCl + H2O+ CO2
Шешуі:
Себебі қалған жауаптарындағы теңдеулер аяғына дейін жүретін алмасу
реакцияларына құрылған. Егер алмасу реакцияларында реакция н@тижесінде
су, газ ж@не тұнба түзілсе, онда реакция қайтымсыз болады. Ал аммиак
синтезі қайтымды процесс, сондықтан өндірісте айналым насосын
пайдаланады. Осы білім 9-сыныптың І ж@не ІІ тоқсанында толық беріледі.
Дұрыс жауабы B
8. Екі негізді органикалық қышқылдар
A) СH3-СООН, НООС- СН2-СН2- СООН
B) НООС-СООН, СH3- СН2-СН2- СООН
C) НООС-СООН, НООС- СН2-СН2- СООН
D) CН2CОOCН3, НООС- СН2-СН2- СООН
E) НООС-СООCН3, СН3-СН2- СООН
Шешуі:
Құрамында екі карбоксил тобы бар қышқылдар: қымыздық қышқылы
НООС-СООН, янтарь қышқылы НООС-СН2-СН2-СООН.
Дұрыс жауабы С
9. Тамақ өнімі ретінде қолданылмайтын көмірсу
A) крахмал
B) сахароза
C) целлюлоза
D) фруктоза
E) лактоза
Дұрыс жауабы С
10. Магний нитриді гидролизденгенде түзілетін заттар
A) N2О5,НNО3
B) Mg(OH)2, NH3
C) NH3, НNО2
D) NО2, NH3
E) MgО, NН3
Шешуі:
Mg3N2 +6HOH 3Mg(OH)2 + 2NH3 Дұрыс жауабы В
11. Егер тұздың NH5SO4 құрамы болса, оның атауы
A) аммоний сульфиты
B) аммоний гидросульфиты
C) аммоний сульфаты
D) аммоний гидросульфаты
E) аммоний дигидросульфаты
Шешуі:
Аммоний гидросульфаты NH4НSO4. Дұрыс жауабы D
12. Өзгерістегі “Э” элементі ЭЭ2О5 Н3ЭО4, оның агрегаттық күйі
A) NN2О5 НNО3
B) РР2О3 НРО2
C) SSО3 Н2SО4
D) CCО2 Н2CО3
E) РР2О5 Н3РО4
Шешуі:
Өзгерістегі айналымға қатыса алатын элемент фосфор, аморфты: РР2О5
Н3РО4. Дұрыс жауабы Е
13. Натрий гидроксиді @рекеттесетін қосылыстар
A) CaO, Al(OH)3, NaCl
B) ZnO, Al(OH)3, HCl
C) Zn(OH)2, Al(OH)3, HCl
D) ZnO, Al2O3, H2SO4
E) K2O, KOH3, KCl
Шешуі:
себебі NaOH негіз (сілті), сондықтан екідайлы қосылыстармен (ZnO,
Al(OH)3) ж@не қышқылмен (HCl) @рекеттеседі, қалған дистрактілерде негіз
ж@не негіздік оксидтер берілген. Дұрыс жауабы В
14. 7,5 г глицин мен 8,9 г аланин @рекеттескенде түзілген дипептидтің
массасы
A) 14,6 г
B) 16,6 г
C) 12,2 г
D) 14,2 г
E) 15,6 г
Шешуі:
7,5 г 8,9 г х
H2N-CH2COOH + H2N-CH2CH2COOH H2N-CH2 CO-NH-CH2COOH +
H2O
75 г 89 г 146 г
глицин аланин дипептид
ν1: ν2 = 0,1: 0,1 x = 0,1 146 = 14,6 г. Дұрыс жауабы А

15. 150ºС температурада реакция 16 минуттан кейін аяқталады. Егер
температуралық коэффициент 2-ге тең болса, 200ºС температурада реакция
аяқталатын уақыт
A) 0,5 минут
B) 0,25 минут
C) 2минут
D) 1 минут
E) 0,6 минут
Шешуі:
Вант-Гоф заңы бойынша (n=
T/10) температураны150-ден 200-ге көтергенде
реакция
25 есе, яғни 32 есе жылдамдайды (n=2200-150/10= 25
=32 есе), демек реакция
16: 32=0,5 минутта аяқталады. Дұрыс жауабы А
16. 0,5 моль алюминий мен 96 г күкірт @рекеттескенде түзілетін алюминий
сульфидінің массасы
A) 24,6 г
B) 46,6 г
C) 72,2 г
D) 34,2 г
E) 37,5 г
Шешуі:
0,5 моль 96 г х г
2Al + 3S Al2S3, теңдеу бойынша 2 моль алюминий 3 моль күкіртпен
2 моль 96 г 150 г
@рекетттеседі, ал есептің шарты бойынша:
ν1: ν2 = 0,5 : 96
Дұрыс жауабы Е
17. Мыс пен темірдің 14 г құймасын концентрлі азот қышқылында еріткенде
17,6 г нитрат түзілді. Құймадағы темірдің массалық үлесі
A) 57%
B) 37%
C) 47%
D) 67%
E) 27%
Шешуі:
концентрлі азот қышқылымен темір @рекеттеспейді, олай болса есептеуді
төмендегі теңдеумен жүргіземіз:
х 17,6 г
4HNO3(конц.) + Cu Cu(NO3)2 + 2NO2 + 2H2O 64 г 188 г
х = 6417,6/188=6 г Сu
m(Fe)= 14-6=8 ω(Fe)=8 Дұрыс жауабы A

18. Фенолдың массалық үлесі 0,1(10%), құрамында 200 г суы бар
ерітіндісінің массасы
A) 242,6 г
B) 422,6 г
C) 122,2 г
D) 324,2 г
E) 222,2 г
Шешуі:
ωер.з=mер.з100%;
mерт. = mер.зз 100%; mер.з=х болса, онда
х+ 200 = х 100% /10 %
х+ 200 =10 х
х =200 Дұрыс жауабы Е

19. Массасы 14,6 г глицилаланин гидролизі кезінде түзілген аминсірке
қышқылымен кальцийдің @рекеттесуінен бөлінген сутектің (қ.ж.) көлемі
A) 2,24 л
B) 1,12 л
C) 4,48 л
D) 6,72 л
E) 5,6 л
Шешуі:
1) 14,6 г х
H2N-CH2CO-NH-CH2COOH + H2O H2N-CH2COOH + H2N-CH2CH2COOH 146 г 75 г
x = 14,6 75/ 146 = 7,5 г
2) 7,5 г у
2 H2N-CH2COOH + Са (H2N-CH2COO)2Са + Н2 150 г 22,4 л
у= 22,4 7,5
Дұрыс жауабы -В
20. Натриймен @рекеттесіп газ бөлетін, дегидраттау кезінде пентен-2 түзетін
зат
A) бутанол-2
B) 2-метилпропанол
C) пентанол-2
D) 2,2-диметилпропанол
E) 3-метилбутанол-2
Шешуі: Егер дегидраттағанда пентен-2 түзетін болса, онда ол құрамында бес
көміртек атомы бар екіншілік спирт болғаны, Зайцев ережесі бойынша:
СH3-СH2-СH2-СHOH-СH3
Н2SO4конц. СH3-СH2-СH=СH-СH3 + Н2О пентанол-2 пентен-2
Спирттер металл натриймен @рекеттесіп, сутек газын бөледі:
2СH3-СH2-СH2-СHOH-СH3+2Na 2СH3-СH2-СH2-СHONa-СH3+H2
Дұрыс жауабы С
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған
тест тапсырмалары
1. Сілтілік жер металдар қатары
A) Ca,Sr,Ba,Mg
B) Na,K,Mg,Ca
C) Mg,Sn,Na,Ca
D) Ba,Ca,Mg,Rb
E) Sr,Ca,Rb,Li
F) Na,Fe,Mg,Ca
G) Mg,Ca,Cs,Rb
H) Ba,Mg,K,Cs
Шешуі:
Сілтілік жер металдарына химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі ІІ
А топ элементтері жатады. Бұлай аталу себебі бұл металдардың
гидроксидтері сілтілік қасиет көрсетеді, ал оксидтері қиын балқитындығы
жағынан ертеде жер деп аталған ауыр металдардың оксидтерінің
қасиеттеріне ұқсас болғандықтан.
Дұрыс жауабы А
2. Тұз түзбейтін оксид(тер)
A) P2O5
B) CO
C) CO2
D) B2O3
E) SO2
F) SO3
G) NO
H) NO2
Шешуі: Бейметалдардың кейбір оксидтері сумен @рекеттеспейді. Бұл
оксидтерге с@йкес қышқылдары болмағандықтан, тұз түзбейтін оксидтер деп
аталады. Мысалы көмір қышқылының ангидриді CO2 , ол сумен @рекеттесіп,
@лсіз екі негізді қышқыл түзеді, яғни көмір қышқылы, оның тұздары
карбонаттар деп аталады. Берілген нұсқалардағы көміртек (ІІ) оксиді мен
азот (ІІ) оксидтеріне с@йкес қышқылдары жоқ. Қалған оксидтер сумен
@рекеттесіп, с@йкес қышқылдар түзеді.
Дұрыс жауабы В,G
3. Концентрлі азот қышқылында енжарланатын метал(дар)
A) мыс
B) алтын
C) сынап
D) хром
E) алюминий
F) темір
G) күміс
H) мырыш
Шешуі:
Кейбір металдар концентрлі азот ж@не күкірт қышқылдарында ерімейді.
Олардың бетін берік қорғаныш қабықша (оксидтік қабықша) қаптауының
@серінен онан @рі қышқылмен @рекеттесуден сақтайды, металл енжарланады
(пассивтеледі). Сондықтан аталған қышқылдарды осындай металдан
жасалған ыдыстарда сақтауға, тасымалдауға болады.
Дұрыс жауабы D,E,F
4. Массасы 31,9 г мыс (II) оксиді мен темір (ІІІ) оксидінің қоспасын
термиялық тотықсыздандырғанда 9 г су түзілгендігі белгілі болса, қоспадағы
темірдің зат мөлшері
A) 0,3 моль
B) 0,4 моль
C) 0,2 моль
D) 4 моль
E) 0,8 моль
F) 0,6 моль
G) 0,5 моль
H) 2 моль
Шешуі: Мыс (ІІ) оксиді мен темір (ІІІ) оксидтерінің сутекпен тотықсыздану
реакцияларын жазу. Теңдеулер жүйесін құрып, қоспаның құрамын анықтау.
H2O
у
18г
CuO 2
x
80г
+ H Cu + , 18х=80у, х=4,44у
H O
у
г
Fe 3 2
9
54
3 2 Fe2O
31,9 – x
160г
3H 2
+ + ,
54(31,9-х)=160(9-у)
у=3,548, х=4,443,548=15,75 г CuO
m(Fe2O3)=31,9-15,75=16,15 г.
Қоспадағы темірдің зат мөлшерін табу үшін
160 г Fe2O3————– 2 моль Fe
16,15 г———— х моль,
υ(Fe) = 0,2моль
Дұрыс жауабы H
5. 2 молярлы 50 мл NaOH ерітіндісі 25 мл тұз қышқылы ерітіндісімен
бейтарапталған. Тұз қышқылы ерітіндісінің концентрациясы
A) 4 моль/л
B) 3 моль/л
C) 5,5 моль/л
D) 2 моль/л
E) 1 моль/л
F) 5 моль/л
G) 2,5 моль/л
H) 3,5 моль/л
Шешуі:
Алдымен 50 мл ертіндідегі сілтінің зат мөлшерін тауып аламыз:
1000 мл ———- 2 моль NaOH
50 мл ————- х моль
Бұдан ν (NaOH) =0,1 моль
Енді бейтараптану реакция теңдеуі бойынша есептеу жүргіземіз:
!”+ !”!”+ !! !
Теңдеу бойынша сілтінің бір молін бейтараптауға бір моль қышқыл
жұмсалатындықтан, 0,1 моль сілтіге 0,1 моль қышқыл жұмсалатыны белгілі.
Тұз қышқылының 0,1 молі 25 мл ерітіндіде жүр, бізге 1000 мл ерітіндідегі тұз
қышқылының мөлшері керек. Тұз қышқылы ерітіндісінің концентрациясын
есептейміз:
25 мл —————- 0,1 моль !”1000 мл ————— х моль
ν (HCl) = 4 моль
Дұрыс жауабы – A
6. Өзгерістер тізбегіндегі A, B ж@не С заттары
6 5 3
1 2 3 4 C6H14 ABC C H CH
A) циклопентан
B) 1,6 дихлоргексан
C) циклопентан
D) циклогексан
E) метилциклопропан
F) 1,2- дихлоргексан
G) бензол
H) диметилбензол
Шешуі:
Бастапқы берілген гексаннан тізбекті реакция аяқталғанда толуол алыну
керек, яғни ашық тізбекті көмірсутектен циклді құрылысты көмірсутек.
Алканнан циклоалкан алу үшін оның дигалогентуындыларына металл
мырыш немесе натриймен @сер ету керек. Ол үшін галоген атомдары шеткі
көміртектерде орналасқан алканның дигалоген туындысы керек, ол 1,6
дихлоргексан болады. 1,6-дихлоргександы мырышпен қосып циклогексан
алады. Циклогександы өршіткі қатысында дегидрлеп бензол алады.
Бензолдан катализатор қатысында алкилдеп метилбензол (толуол) алынады.
Дұрыс жауабы B,D,G
7. Екіншілік амин(дер)
A) C2H5 NH C2H5
B) CH3 NH C2H5
C) CH3 NH2
D) 3 7 3 2 C H N (CH )
E) 3 3 2 CH N (CH )
F) 2 5 2 5 2 C H N (C H )
G) СH3 NH CH3
H) 2 5 3 2 C H N (CH )
Шешуі:

Аминдер аммиак туындылары. Аммиак молекуласындағы радикалмен
алмасқан сутек атомдарының санына қарай аминдер біріншілік, екіншілік
ж@не үшіншілік болып бөлінеді. Екіншілік аминдерде NH3 молекуласындағы
екі сутек атомы көмірсутек радикалдарымен алмасады.
Дұрыс жауабы A, B,G
8. Глюкозаның спирттік ашуынан 112 л газ түзілді, жұмсалған глюкозаның
массасы
A) 230 г
B) 560 г
C) 86 г
D) 340 г
E) 120 г
F) 650 г
G) 450 г
H) 48 г
Шешуі:
Бұл есеп глюкозаның ашу процесі теңдеуі бойынша бір жолмен шығарылады.
Глюкозаның спирттік ашу реакция теңдеуін құру:
!!!!”!! 2!!!!!” + 2!”!
Бөлінген газдың көлемі 112 л, ол көмірқышқыл газы. Пропорция құрып
есепті шығару:
180 г !!!!”!! ————— 44,8 л СО2
Х г —————–112 л
m(!!!!”!! )= 180 г112 л / 44,8 л = 450 г
Дұрыс жауабы G
9. Молекулаларында тек σ – байланыстар түзіледі
A) SO2
B) SO3
C) СО2
D) NO
E) СО
F) Н 2
G) NO2
H) HCl
Шешуі: Химиялық байланыс түзілгенде ковалентті байланыс көп жағдайда
алмасу механизмі бойынша жүзеге асады. Молекула түзуге қатысатын
атомдар өзара байланысқа бір ғана валенттік электрондарын жұмсағанда
атомдар арасында бір жұп электрон арқылы байланыс түзіледі. Бір жұп
электроннан түзілетін байланыстар дара байланыс, яғни σ- байланыстар
болып табылады.
Дұрыс жауабы F,H
10. Күшті электролит(тер)
A) H3PO4 , NaOH, H2 O
B) HI, HCl, KOH
C) Fe(OH) 2 , HClO4 , HCl
D) HClO 4 , KOH, H2O
E) H2 SO4 , NaOH, KCl
F) H3PO4 , KOH, H 2O
G) AgCl, Mg(OH) 2 ,H2 S
H) HNO3 ,Mg(OH) 2 ,H 2S
Электролиттер диссоциациялану д@режесінің шамасына қарай күшті ,
орташа, @лсіз болып жіктеледі. Күшті электролиттерге еритін негіздер
(сілтілер), күшті қышқылдар, сілтілі металдардың тұздары, нитраттар т.б.
жатады.Дұрыс жауабы B,E

5 thoughts on “циклоалканы

  1. Биология химия ватцап группа ашамыз номер қалдырыңыздар!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *